Аккредиттеу 2015

      2015 жылдың 26-28 қазанында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК-да институционалдық аккредиттеу және  0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен 0302000 «Медбикелік іс» мамандығы бойынша мамандандырылған аккредиттеу өтті.

      Ұйымдастырушы Астана қаласының «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» Коммерциялық емес мекемесі.

      Қостанай медициналық колледжі аккредиттеуден өткен  техникалық және кәсіптік білім ұйымдары арасында бірінші және алғашқы, ал Қазақстан Республикасының медициналық колледждері арасында үшінші болды.  

      Комиссия мүшелерінің құрамына ҚР ДӘДМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының өкілдері (Астана қ.), шетелдік сарапшы (РФ Челябі қ.), жұмыс беруші (Қостанай қ.Қалалық аурухана), Агенттіктің бақылаушылары(Астана қ.), студент ( Қостанай қ,ҚПК) және комиссия төрайымы (Петропавл қ.) кірді. 3 күн ішінде АРТА ССК мүшелері колледж әкімшілігімен соның ішінде колледж директоры С.А.Катпеновамен және оның орынбасарларымен, бөлім меңгерушілерімен, ЦӘК/ПӘК төрайымдарымен кездесу өткізді. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен сұхбаттар өткізіп, колледждің материалдық базасын қарап шықты.

      Сонымен қатар АРТА ССК мүшелері студенттермен, оқытушылармен кездесіп, сауалнама мен сұхбат жүргізді. Теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысып, локальдық құжаттармен танысты. Әлеуметтік серіктестіктермен ынтымақтастық саласындағы колледждің қызметін тереңірек бағалау мақсатында медициналық ұйымдарға - Қостанай облыстық ауруханаға, Қалалық ауруханаға, Перинаталдық орталыққа, №4 Емханаға барып, медициналық ұйымдардың жетекшілерімен, бұрын бітіріп кеткен түлектермен, олардың тәлімгерлерімен кездесулер өткізді. 

       Жұмыстарының соңғы күнінде аккредиттеудің қорытындысын жасап, нәтижелер бойынша ұсыныстар әзірледі. Колледж ұжымымен соңғы кездесу барысында Қостанай медициналық колледжі туралы ауызша пікірлерін айтып өтті. Стандарттар мен критерийлердің сәйкестілігіне  сараптама жасау барысында колледждің қызметін ұйымдастыру бойынша жоғары көрсеткіштерін атап өтті. Тексерістің нәтижесінде Қостанай медициналық колледжі 5 жылға аккредиттелді.











«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ