Психолог кабинеті


Психолог кабинеті

   Қостанай жоғары медициналық
колледжі психологы

Ванзидлер Татьяна Валериевна  

 

Мақсаты:толыққанды жеке тұлғалық дамуына, позитивті әлеуметтенуіне, кәсіби қалыптасуына жағдайларды жасау, студенттердің колледжде, отбасында және әлеуметтік ортада өзін-өзі билеу.

Негізгі міндеттер:

-Студенттер мен педагогикалық қызметкерлерге уақытында кешенді психологиялық қызмет көрсету;
-Тұлғаның табиғи қабілеттері мен шығармашылық потенциалын анықтау және дамыту, дарынды балалармен жұмыс;
-Әлеуметтік қиын жағдайда қалған студенттерге және психофизикалық даму ерекшелігімен студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастыру;
-Педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларына пайда болған мәселелерді шешуге әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсету;
-студенттермен, педагогтармен және ата-аналармен ынтымақтастықта болу үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау;
-Бейімделу кезеңінің қиын жағдайындағы студенттер мен педагогтарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету;
-Салауатты өмір салтын насихаттау, бейәлеуметтік тәртіптің алдын алу.

Қызметтің қағидалары:

-Студенттердің құқықтары мен мүдделерінің басымдылығы;
-Жеке-бағдарланған әдіс;
-Қызметтің гуманистік мінезі;
-Қолжетімділік;
-Құпиялылық.


Табыстың ұрандары

      Табысқа жетуге қабілетті адамдар қандай қасиеттерге ие? Осы тақырыпқа мыңдаған кітаптар арналғанмен, осы уақытқа дейін жауап табылған жоқ. Гэллап университетінің мамандары осы мәселені толықтай шешуге кіріскен болатын. Олар «Кто есть кто в Америке» анықтамалығынан өзінің саласында біршама жетістіктерге жеткен мың жарым адамды жорамалдап таңдап алды. Оларға «өздерінің табысты мансаптарына жетуіне қандай жеке қасиет әсер етті» деген сұрағына жауап беруді сұрады. Жауаптардың сараптамасы табысты адамдарда кездесетін бірнеше ортақ мінездерді анықтауға көмектесті. Солардың ішіндегі бірнеше маңыздылары.

Парасатты ақыл – сұрастырылғандардағы кең тараған қасиет. 61 % адам өздерінің табыстары парасатты ақылдарының арқасында екендігін атап өтті. Көпшілік үшін бұл күнделікті істерді нақты және оптималды пайымдау болып табылады. Ол үшін керек емес ойлардан арылып, сұрақтың негізіне көңіл бөліп, басқа жағдайларға назар аудармау қажет.  

Ғалымдар парасатты ақылдың көздерін анықтауға тырысты: адам осы қабілетпен өмірге келе ма әлде осы қасиетті дамыту үшін әрекет жасау қажет па? Сұрастырылғандардың көпшілігі парасатты ақылды өсіруге болады деп есептейді. Соның ішінде маңыздысы – тәжірибеден сабақ алып, басқалардың қателіктерін қайталамауға тырысу қажет.

Өз ісі туралы білім – сұрастырылғандардың парасатты ақылдан кейінгі екінші қасиеті. Бұл қасиет алған білімге мүлдем қатысы жоқ, тек өзінің шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Табысты адамдар біршама жетістіктерге қол жеткізседе, одан да көп табысқа әкелетін жаңа нәрселерді үйренуге, білуге әрқашан дайын болады.

Өзінің күшіне сену. Өздерін толық жүзеге асырған адамдар, тек қана өздерінің қабілеттеріне және қорына сенедеі. Бұл жағдайда өзіне деген сенімділік адамгершілігіне тамсану емес, тек өзінің қабілеттеріне сеніп нақты іс-әрекеттерге қадам басу болып табылады.

Жоғары зияткерлік және мәдени деңгей. Америкалық зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес, білімі жеткіліксіз және ой өрісі тар адам тек қана жолы болуының арқасында ғана табысқа жетуі мүмкін. Кез-келген салада жоғары табыстың талабы ол - қиын ойлар мен жоспарларды жүзеге асыру, оларды тез уақытта және нақты саралай білу болып табылады. Сұрастыруға қатысқандардың барлығында дерлік сөздік қоры бай, аналитикалық және ауызша қабілеттері жоғары. Сұрастыруға өткен бір жылдың ішінде әрқайсысы орташа есеппен 19 кітап оқыған, соның ішінде 10-ы нон-фикшн, яғни көркем әдебиетке жатпайтын, бірақ әртүрлі танымдық ақпараттар берілген әдебиеттер.

Бастаған істі соңына дейін жеткізу қабілеті. Сұрастырғандардың төрттен үш бөлігі өздерін қойған мақсаттарын орындауда талапкер және жұмыс істей білетін адам ретінде санайды. Бұл қабілеттің ішіне тпе қана жігерлік емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық талант - өзхіне дегенқарым-қатынас кіреді. Мақсатқа жету жолында орта жолдан тоқтамай толыққанды еңбектену қажет.

Талаған бес қасиет барлық сұрастырғандарда кездеседі. Сонымен қатар сұрастырғандардың арасында негізгі фактор ретінде сәттілікті де атап өтті. Әрине, сәттілікті жетілдіретін жеке қасиетке жатқызуға болмайды. Осы жерде жазушы Стивен Ликоктың сөзі еске түседі: «Мен сәттілікке сенемін, мен жігерлікпен жұмыс істеген сайын, сәттілікке одан сайын сенімім арта түседі».








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ