«Дені сау ұрпақ – елдің байлығы» педагогикалық және студенттік бастамалардың Халықаралық Форумы.


«Дені сау ұрпақ – елдің байлығы» педагогикалық және
студенттік бастамалардың Халықаралық Форумы

2016 жылдың 7 сәуірінде Қорған медициналық колледж базасында «Здоровое поколение – богатство страны» педагогикалық және студенттік бастамалардың Халықаралық Форумы өткізілді. Осы Халықаралық Форум үшінші жыл өткізілуде, Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары және студенттері оған екінші рет қатысып отыр. Форум «Қорған базалық медициналық колледжі» МКБОМ 80-жылдығына арналған. Жастармен жұмыс жасау жөніндегі педагог-ұйымдастырушысы Б.К.Сулейменова және әдіскер В.В.Коновалова толық мәжіліс отырыста сөз сөйледі.

Медициналық колледждің студенттері оқу-зерттеу жұмыстардың конкурсына белсенді қатысты (С.Сатбаева 302 тобы «Медбикелік іс», фитнес-аэробика конкурсына (А.Емиленко, З.Тугельбаева /302 «Медбикелік іс/, Головина В., Кузенбаева А., Юдакова В. /102 «Емдеу ісі»/, Кубегенова А. /102 «Медбикелік іс»/, «Лучшая медицинская сестра «Золотые руки» кәсіби шеберліктің халықаралық конкурсында /Рыжакова В., 302 «Медбикелік іс»/ және барлық конкурстарда бірінші орындарға ие болды.

«Медбикелік іс» 302 тобының студенті Виктория Рыжакова «Лучшая медицинская сестра «Золотые руки» атты халықаралық конкурсында өз кәсіпкерлігін көрсете білді. Виктория конкурстың барлық кезеңдерінде ең жоғары балл алды: «Тестілеу», «Практикалық манипуляцияларды көрсету», «Жүрек-қан тамырлы аурулардың алдын алу» тақырыбына арналған санитарлық-ағарту жұмысы»..

Оқу-зерттеу жұмыстардың конкурсы «Здоровье человека в условиях окружающей среды», «Медицинский работник – выбор на всю жизнь», «Наш выбор - здоровье» секциялардың жұмысын өзіне енгізді. Салтанат Сатбаева «Медицинский работник – выбор на всю жизнь» секциясында «Аборт. Влияние аборта на репродуктивную функцию девушек» тақырыбына оқу-зерттеу жобасын ұсынды/жетекшілері Коновалова В.В., Ковальчук Н.В./ Әділ-қазылар алқасының төрағасы, медициналық ғылымдар докторы, «Қорған облыстық клиникалық аурухана» МБМ кадрлардың даярлауын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Василий Алексеевич Дюльдин СОЗЖ конкурсына Салтанаттың жоғары дайындық деңгейін және зерттеудің тақырыбы бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу маңыздылығын атап өтті.

Б.К.Сулейменова басшылығымен «Адреналин» студенттер командасы фитнес-аэробика конкурсына шығармашылық көріністі ұсынды, оны сарапшылар критерийлер шәкілі бойынша ең жоғары баллдармен бағалады.

Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары орта медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері үшін жасалған әдістемелік материалдардың дистанциондық конкурсына қатысты. «Дәрісхана сабағының әдістемелік әзірлемесі» номинациясында оқытушылар Е.В.Рябуха және Н.В.Ковальчук 1 орынға, Д.Т.Нурушева – 3 орынға ие болды; «Аудиториядан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі» номинациясында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» конкурстық жұмысымен В.В.Коновалова 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Төрт конкурстың қатысушыларын сапалы даярлағаны үшін «Здоровое поколение – богатство страны» педагогикалық және студенттік бастамалардың Халықаралық Форумының ұйымдастырушылық комитеті «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК директоры С.А.Катпеноваға, «Медбикелік іс» мамандығының бөлім меңгерушісі А.М.Ембергеноваға, педагог-ұйымдастырушы Б.К.Сулейменоваға, арнайы пәндер оқытушылары Н.С.Заболотниковаға, И.Н.Воронцоваға, Д.М.Уразбековаға, Н.В.Ковальчукке алғысын білдірді.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ