«Здоровое поколение – богатство страны» IV Халықаралық студенттік және педагогикалық бастамалардың


«Здоровое поколение – богатство страны» IV Халықаралық
студенттік және педагогикалық бастамалардың форумы
Курган қ., Ресей Федерациясы

2017 жылдың Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері «Здоровое поколение – богатство страны» IV Халықаралық студенттік және педагогикалық бастамалардың Форумына қатысқан болатын. «Стоматология» мамандығының 301 топ студенті Ткачук Анжела ғылыми-зерттеу конкурсының «Медицинский работник – выбор на всю жизнь» секциясының жұмысына қатысты. Әділ-қазылар төрағасы– Дюльдин Василий Алексеевич, м.ғ.д., «Курган облыстық клиникалық аурухана» МБМ кадрларды дайындауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы. Секцияға барлығы 8 ғылыми жоба ұсынылды, соның ішінде 7 Курган базалық медициналық колледжі мен оның филиалдарынан болды. Әділ қазылардың шешімі бойынша Анжела 1 орынға ие болды!!! Анжела дипломмен және кубокпен, ал арнайы пәндердің оқытушылары - Дубина Т.В. және Нуркина Б.Г. Форум қатысушысын дайындағандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

«Мейірбике ісі» мамандығының 302 топ студенті Тлеубаева Айгерим «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігінен World Skills технологиясы бойынша «Үздік мейірбике» кәсіби шеберлік конкурсына қатысқан болатын. Арнайы пәндердің оқытушысы И.Н.Воронцова халықаралық кәсіби конкурстың сарапшысы ретінде болды. Айгерим қатысушының сертификатымен марапатталып, ал оқытушылар - Барабан А.А., Радзицкая Е.А., Воронцова И.Н., Заболотникова Н.С., Эпова Н.В., Лапатиева К.Ю. конкурсқа қатысушыны дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Арнайы пәндердің оқытушысы Рябуха Елена Викторовна «Моя педагогическая инициатива» шығармашылық зертханасына қатысқан болатын. Зертхананың жұмысында Ресей Федерациясынан және Қазақстаннан 10 оқытушылар сабақтарда пайдаланатын заманауи технологияларды, әдістер мен амалдарды көрсетті. Елена Викторовна «Химия» пәні бойынша «Емдеу ісі» мамандығының студенттеріне сабақтан үзінді өткізіп, флипчарттарды құрастыру бойынша интерактивтік тақтада жұмыс істеу әдістерін көрсетті.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ