Әдістемелік кабинет

Әдiстемелiк кабинет

Әдiстемелiк кабинет оқытушылардың әдiстемелiк жұмысын үйлестiру мен ұйымдастыру үшiн құрылды.
Әдiстемелiк кабинет жұмысына циклдiк әдiстемелiк комиссия төрағалары, оқытушылар және кiтапхана жұмысшылары қатысады.
Әдiстемелiк кабинет жұмысы колледж жарғысы, ҚР Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң, КР Бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң қолданыстағы заңнамасы, нормативтiк құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

 Әдiстемелiк кабинеттiң мiндеттерi

1. Бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыруда ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыздандыру.
2. Бiлiм беру процесiнiң жаңа түрлерiн, тәсiлдерiн, әдiстерiн, технологияларын әзiрлеу және енгiзу, қолданыстағыларды жетiлдiру.
3. Оқытушылардың кәсiби шеберлiгi мен бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдiстемелiк мүмкiндiктерiн жетiлдiру.

 Әдiстемелiк кабинет жұмысының негiзгi бағыттары

- озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, қорыту, хабарлау;
- педагогикалық семинар, практикум, конференцияларды қамтамасыздандыру;
- әдiстемелiк көрмелер (презентациялар) өткiзу;
- жалпы және жеке психологтік-педагогикалық, дидактикалық және басқа сұрақтар бойынша топтық және жеке кеңестер ұйымдастыру;
- АКББ саласындағы бiлiм беру қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттарды, ғылыми әдiстемелiк әдебиеттердi, тақырыптық, мерзiмдiк баспаларды, сонымен қатар бiлiм беру мен тәрбиелеу қызметi түрлерi бойынша ең жақсы әдiстемелiк зерттемелердi жинақтау мен жүйелеу;
- оқу процесiне оқу-бағдарламалық құжаттарды, әдiстемелiк нұсқауларды енгiзу мен олармен қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- әдiстемелiк кеңестi ұйымдастыруға көмектесу;
- оқытушылардың өз бетiнше бiлiм алуына көмек көрсету;
- жаңа педагогикалық технологиялар, инновациялық жұмыстар, орта кәсiби бiлiм берiдiң даму бағыттары мен мазмұны туралы жарамды ақпараттандыру.

Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі 
Әдістемелік кеңесінің төрайымы

Гаджиева Камиля Сабировна

Әдіскер

 Жайсанбаева Алия Сұлтанғазықызы


Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі әдіскер

Коновалова Вера Викторовна

БЖБ әдіскері 

 Шестакова Елена Юрьевна


     ЖҮКТЕУ Әдістемелілік жұмысын реттейтін ережелер жиынтығы.
     ЖҮКТЕУ Сборник положений регламентирующих методическую работу.
















Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ