«Межкультурная коммуникация в Казахстане» конкурсы


«Межкультурная коммуникация в Казахстане» конкурсы

2017 жылдың 13 қаңтарында студенттер Ахметова Салтанат (103 «Емдеу ісі»), Кондрина Надежда (103 «Емдеу ісі») және Хазеева Мадина (201 «Фармация») Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалында өткен «Межкультурная коммуникация в Казахстане» конкурсының екінші кезеңіне «Ағылшын тілі» мен «Қазақ тілі» бағыттары бойынша қатысқан болатын.

Конкурсты өткізу мақсаты: лингвистикалық құзыреттілікті дамыту, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін насихаттау, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында таланты зерттеуші-авторларды іздеу болып табылды.

Бірінші іштей кезеңде ұсынылған тақырыптың біреуіне шығарма/эссе жазып, ұсыну керек болатын, біздің үш студент табысты өтіп, екінші кезеңге шақырылған болатын.

Екінші кезеңде «Ағылшын тілі» бағыты бойынша елтану бойынша тест және мәтінмен жұмыс болды (мәтіннің үзіндісін оқу және аудару, мәтінді түсіну бойынша тапсырма орындау), «Қазақ тілі» бағыты бойынша - лексикадан, грамматикадан, әдебиеттен тест болды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Ахметова Салтанат 1 орынға ие болды, Кондрина Надежда және Хазеева Мадина қатысушының сертификаттарымен марапатталды. Колледж директоры Катпенова С.А., қатысушыларды дайындаған оқытушылар Жумабаева К.Е., Коновалова В.В., Дандыбаев А.С., алғыс хаттармен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ