ҚОӘДСБ "Қостанай жоғары медициналық колледжі" КМК әр айдың екінші онкүндігінде 2019 жылдың талапткерлері үшін сынамалы онлайн тестілуі жүргізеді (айдың 10 жұлдызынан 20 дейін, тәулік бойы).

«ЖРВЖ/тұмаудың және пневмококк жұқпаның алдын алу» тақырыбына арналған семинар


2016 жылдың 19 қазанында жіті респираторлық вирустық жұқпалардың, тұмаудың және пневмококк жұқпаның алдын алу бойынша айлықтың шегінде Қостанай медициналық колледжде Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандарын шақыруымен «ЖРВЖ/тұмаудың және пневмококк жұқпаның алдын алу» атты семинар жүргізілген. Мамандар әлемдегі, Қазақстандағы және Қостанай облысындағы эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып берді. Сулейменова Шолпан Шаймардановна ЖРВЖ/тұмаудың алдын алу және мүмкін болатын асқынулар туралы айтып берді және слайд презентациясын ұсынды. ҚМК мамандары ЖРВЖ тұмаудан айырмашылығын атап өтті және тұмау кезіндегі тамақтану туралы айтып берді. Студенттер семинарға белсенді қатысты, сұрақтар қойды. «Как защитить себя и семью от ОРВИ и гриппа!», «Острые респираторные вирусные инфекции и грипп» атты ақпараттық-білім материал таратылды. Іс-шара нәтижелі болып өтті. Студенттер қажетті ақпараттың үлкен көлемін меңгерді.












Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ