Қостанай политехникалық колледжінде облыстық ғылыми-практикалық студенттік конференциясына (жет. Халбаева Г.Р., Каратаева М.М.) табысты қатысқандары үшін Д.Тургалиеваны (1 орын), М.Оттоны, К.Макарованы (3 орын) құттықтаймыз.

Алғашқы рет Қостанайда «Звезды двух поколений» музыкалық конкурсы өткізілді


Алғашқы рет Қостанайда «Звезды двух поколений» музыкалық конкурсы өткізілді

«Звезды двух поколений» фестиваліне 16 әнші жұп қатысқан болатын. Бұл мереке облыстық ардагерлер кеңесінің 30-жылдығына арналған. Алғашқы рет «Звезды двух поколений» төрт жыл бұрын Рудный қаласында өткен болатын.

— Бұл жоба 2013 жылы Рудный қаласында бастау алған болатын, — деп әңгімелеп берді облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Кенжебек УКИН. — Бұл байқауға жұп болып қатысады: ардагер және жас орындаушы. Басында қатысқысы келетіндердің саны аз болған, 2-3 жұп қана, уақыт өте келе қатысушылардың саны көбейіп, бірлесіп фестиваль өткізуге шешім қабылдадық.

Конкурстың шарты бойынша орындалатын әндер кеңес одағы кезіндегі немесе ұлттық әндер болуы керек болған.

Жас вокалисттер мен олардың тәжірибелі тәлімгерлері қобалжығанмен, залда отырған көрермендер қол соғып, қолдау көрсетті. Любовь Фролова және Владимир Алексанин «Два кольера» украин ұлттық әнін орындап Гран-приді жеңіп алды.

Любовь Фролова және Владимир Алексанин «Два кольера» украин ұлттық әнін орындап Гран-приді жеңіп алды.

Бірінші орынды Светлана Обухова және Амина Жумагалиева жұбы жеңді. Олар «Счастья тебе, Земля» әнін орындаған болатын.

Екінші орынға Женис Кужухметов және Мурат Шакманов, ал үшінші орынға Бибигуль Ибраева және Ануар Каскабаев ие болып, «Моя любовь на третьем курсе» кинофильмінен ән орындады. Кокурстың барлық лауреаттарына сыйлықтар мен мақтау қағаздары ұсынылды. Осы жылы облыстық ардагерлер ұйымына 30 жыл толады. Аталған конкурс - осы датаға арналған шаралардың тек алғашқысы ғана.

Шакманов Мұратты конкурстағы екінші орнымен құттықтаймыз.

Болашақта конкурстарда және оқуына табыс тілейміз!










Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ