Қостанай медициналық колледжі мен Оңтүстік-Урал мемлекеттік университетінің «Фармация» мамандығының студенттерінің «Академиялық мобильділік» жобасы


 

Қостанай медициналық колледжі мен Оңтүстік-Урал мемлекеттік университетінің
«Фармация» мамандығының студенттерінің «Академиялық мобильділік» жобасы

Кәсіби тәжірибені меңгерудің амалдарының бірі болып колледж студенттері мен оқытушыларының академиялық мобильділік жобасына қатысуы болып табылады. Ол Қостанай медициналық колледжі мен колледж-серіктестердің арасындағы студенттер мен қызметкерлердің білімдері мен тәжірибелерімен алмасу арқылы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған. 2010 - 2011 оқу жылынан бастап колледждер өндірістік практикадан өту үшін әртүрлі мамандықтардың студенттерімен алмасып отырады.

2017 жылдың сәуір айында Қостанай медициналық колледжі мен Оңтүстік-Урал мемлекеттік медициналық университетінің 10 студенті өзара ресей-қазақстандық академиялық алмасуға қатысқан болатын.

Қостанайда 24 сәуірден 28 сәуірге дейін Оңтүстік - Урал мемлекеттік медициналық университетінің «Фармация» мамандығы бойынша бес түлектің диплом алдындағы өндірістік практикасы өтті. Соколова Оксана, Чухарев Сергей, Шумова Кристина, Юрганова Юлия, Ямщикова Людмила «Цветная» ЖШС дәріханалар желісі базасында практикадан өтті.

Жұмыс апта барысында түлектер фармацевтикалық бөлшектік нарық қызметін ұйымдастырумен, дәрілерді шығару және рецепттерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру ережелерімен, негізгі заттарды тіркеу негіздерімен, тауар-материалдық құндылықтар қозғалысымен, фармацевтикалық маркетинг пен мерчандайзинг негіздерімен, сонымен қатар көтерме-бөлшектеп жүзеге асыру, сатып алу техникасымен, дәрілік заттарды жарнамалаумен танысты.

Практикалық дағдыларды өңдеуден басқа, ресейлік қонақтар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау Ұлттық орталығында экскурсияда болып қайтты. Студенттердің мемлекеттік тіркеу арқылы сапасы мен қауіпсіздікті жүзеге асыратын ДШ, ММБ физико-химиялық, микробиологиялық және токсикологиялық сараптаудан өткізуге арналған заманауи жабдықты көруге мүмкіндіктері болды.

Машықтанушылар дәрілік заттарды және медицинада тағайындалған бұйымдарды сатуды ұйымдастыру саласындағы Қазақстандағы көшбасшылардың бірі болып табылатын «СТОФАРМ» ЖШС-нің дәріханалық қоймаларына барып қайтты.

Жұмыс бағдарламасынан басқа «Фармация» мамандығының ресейлік студенттері мен Қостанай медициналық колледжінің студенттері «Кот в мешке» зияткерлік ойынына қатысып, үш жыл бойы арнайы пәндер бойынша алған білімдерін табысты көрсете білді.

ОУММУ колледжінің студенттері үшін мәдени бағдарлама әзірленген болатын: қала бойынша экскурсия, орыс драм театрына және «Минута славы» жобасының финалдық туры өткен «LET'S GO» көңіл-көтеру орталығына бару.

«Академиялық мобильділік» жобасының қорытынды кезеңі дөңгелек үстел болды. Онда Қостанай медициналық колледжінің әкімшілігі, студенттер тобының әдістемелік жетекшісі Баскакова Татьяна Ивановна және студенттер қатысты. Талқылау барысында практиканың қорытындысы жасалып, өз ойларымен бөлісіп, Челябіден келген қонақтар Қостанай медициналық колледжінің кабинеттері мен зертханаларының жабдықталу деңгейінің өте жақсы екендігін атап өтті және «Фармация» мамандығының практика базалары ұнағандықтарын айтты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары екі елде өзара қызығушылық болса, халықаралық ынтымақтастық жалғасын табады деген сенімде.












Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ