«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа бағдарламасы туралы жиналыс


«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа бағдарламасы туралы жиналыс

Қостанай медициналық колледжінде жиналыс өткізіліп, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының маңызды аспектілері жайында баяндама ұсынылды. Баяндамашы «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы А.Т.Азтаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары сана мен ойдың жаңа модельдерін қалыптастырумен байланысты сұрақтарды қамтитынын атап кетті. Бұл өзіміздің мәдениетімізді, тарихи тәжірибеміз бен дәстүрлерімізді сақтап қалу емес, сонымен қатар ұлттық-мәдени тамырымызға тірек бола алады. Баяндамашы жобаны жүзеге асыру аясында еліміздің құнды жерлерінің картасын құрастыру жұмысы басталып кеткендігін айтып кетті. Осы бағдарлама бойынша көптеген нысаналардың бірі Сарыкөл ауданындағы Барақ батырдың зираты.

«Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының алты бағытының екеуі республикалық деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі». Қалған 4 бағыт облыста жүзеге асырылатын болады: «Туған өлке», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа жүз тұлғасы». «Туған өлке» бағыты бойынша 17-18 маусымда Торғайға Венгриядан делегация келді (27 адам). Венгр ғалымдарына қазақтармен байланыстары туралы мәлімет баяғыдан бері мәлім. 1909 жылдың қыркүйек айында болашақ революционер, жас студент Әліби Жангелдин Будапешт қаласына барғанан кейін, Торғайдың қыпшақтары мен мадиярларына қызығушылықтары 20 ғасырдың басында артқан болатын. Баршаға белгілі венгрлер де өздерін мадиярлар деп атайды.

Мемлекетт Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласы 12 сәуірде жарық көргенін естеріңізге саламыз. Осындай қызықты мәліметтер «Қазақстан тарихы» курсының мазмұнын байытып, студенттер мен оқытушылардың көзқарастарын кеңейтеді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ