ЭКСПО-2017


ЭКСПО-2017

2017 жылдың 13 шілдесінде Қостанай медициналық колледжінің қызметкерлері мен студенттерінен тұратын делегация Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне барып қайтқан болатын. Бұл директор колледжі Катпенова Сауле Атантайқызының жақсы жұмыс пен оқу үшін сыйлық ретіндегі бастамасы болды.

Экскурсия кезінде қызметкерлер мен студенттер Ресей, Германия, Литва, Щвейцария, Өзбекстан, Тайланд, Чехия, Австрия елдерінің, африка мемлекеттерінің және т.б. павильондарында болды.

ЭКСПО-2017 көрмесіне барып қайтқандар павильондарда көрсетілген басқа елдер туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, энергия көздерін қалай қолданатыны туралы біліп қайтты.

Көпшіліктің пікірі бойынша көрменің көркі, шыны сфера, көрменің ортасында орналасқан - «ЭКСПО» символы болды. Бұл Қазақстанның ұлттық павильоны - «Нұр Әлем». Сфераның сегіз қабатында болашақта энергияны қалай пайдаланатыны жайлы көрсетілген, ол: су, жел, күн және ғарыш.

Бұл сапар педагогтар үшін де, студенттер үшін де нағыз сыйлық болғаны анық.

Сапар туралы өз сезімімен колледж студенті оқу озаты Гаан Ирена бөлісті.

Мен біздің колледж директоры Сауле Атантайқызына барлық студенттердің атынан алғыс білдіргім келеді. Аз да болса қол жеткізген жетістіктеріміз үшін Астанадағы халықаралық ЭКСПО көрмесіне тегін сапарға лайық болғанымызға өте қуаныштымын.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ