«Полиглот»
Басты -> Жаңалықтар -> «Полиглот»
«Полиглот»
Колледждің мәжіліс залында 27 қыркүйекте тілдік пәндер оқытушылары К.Е.Жумабаева және В.В.Коновалова «Полиглот» конкурсын өткізген болатын. Аталған конкурс жалпы гуманитарлық пәндердің ПӘК онкүндігі аясында өткізілді. Конкурсқа 1 курстың 4 тобы қатысты: 101 және 102 «Емдеу ісі», 101 «Лабораториялық диагностика», 101 «Фармация».
Конкурс барысында қатысушылар төрт кезеңнен өтті: таныстыру, бәйге, мақал-мәтел білгірлері және капитандарға арналған блиц-турнир. Әділ қазылар ретінде Дандыбаев Асхат Сайранович және Алматова Айзат Маратовна болды. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша 101 «Лабораториялық диагностика» командасы бірінші орынға шығып, 2 орынға 101 «Фармация» тобы, 3 орынға – 102 «Емдеу ісі» тобы ие болды.