«Менің туған жерім» шығармалар конкурсының қорытындысы


«Менің туған жерім» шығармалар конкурсының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және жалпы гуманитарлық пәндердің №6 ПӘК онкүндігін өткізу мақсатында «Менің туған жерім» тақырыбына эссе конкурсы өткізіліді. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері медициналық колледж студенттерін өзінің Отанына, туған өлкесіне, халқына құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, сонымен қатар өлкетану бойынша терең білімдері бар таланты, өнерпаз тұлғаларды анықтау болды.

Эссе конкурсына бірінші курс топтары қатысты: 101 «Стоматология», 101 «Емдеу ісі», 102 «Емдеу ісі»,102 «Мейіргер ісі», 103 «Мейіргер ісі», 101 «Фармация».

Конкурстық жұмыстарды бағалау шарттары:
1) тақырыпқа сай болуы;
2) тақырыптың толық ашылуы;
3) жұмыстың өлкетану бойынша сипаты, нақты материал болуы;
4) баяндау құрылымы;
5) тақырыпқа өзінің жеке қатынасы;
6) сөз байлығы;
7) авторлық ерекшелігі;
8) ресімдеу эстетикасы.

Келесі студенттер жеңімпаздар атанды: 1 орын: Куванышев Ерсит 101 «Стоматология», 2 орын: Тимурханова Полина 101 «Стоматология», 3 орын: Нугыманов Медеу 102 «Мейіргер ісі».

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері студенттік кәсіподақ комитетінің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Құттықтаймыз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ