«Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбына семинар
Басты -> Жаңалықтар -> «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбына семинар
«Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбына семинар
№2 ЦӘК онкүндігін өткізу аясында арнайы пәндердің оқытушысы Н.В.Эпова және «Мейіргер ісі» мамандығының 303 топ студенттерінің еріктілерімен бірге «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында бірінші курс студенттеріне арналған семинар өткізілген болатын. Аталған іс-шараға Қостанай облысының ЖИТС-пен күресу және алдын алу орталығының маманы Карасатова Айман Серикпаевна шақырылды.
3 курс студенттері Игошина В., Гараева З., Птичкина Е. жастардың репродуктивті денсаулығы, жеке гигиеналары, отбасын жоспарлау және конрацепция проблемалары қарастырылған презентация әзірледі. Сонымен қатар іс-шараның қонағы Айман Серикпаевна АИТВ пен ЖИТС-тің алдын алу мен жұқтырудың қаупі туралы ақпарат ұсынды.
Іс-шараның соңында денсаулықты сақтау жөнінде студенттер ұсыныстар айтып, ақпараттық-білім беру материалдарын үлестірді. Осы ұсынылған ақпарат бірінші курс студенттеріне пайдалы болып, дұрыс шешім қабылдады деген сенімдеміз.