«Остеохондроз кезіндегі ЕДШ және массаж» тақырыбына ашық практикалық сабақ


«Остеохондроз кезіндегі ЕДШ және массаж» тақырыбына ашық практикалық сабақ

13 қазанда №2 ЦӘК онкүндігінің аясында «Мейіргер ісі» бөлімінің 302 тобында «Емдік дене шынықтыру және массаж» пәнінен «Остеохондроз кезіндегі емдік гимнастика мен массаж кешені» тақырыбы бойынша ашық практикалық сабақ өткізілді.

Сабақты арнайы пәндердің жас оқытушысы Надежда Насибовна Кудрявцева ұйымдастырып, өткізді.

Сабаққа тәжірибелі және жаңадан бастап келе жатқан оқытушылар, сонымен қатар әкімшіліктің өкілдері қатысты.

Сабақтың барысында Кудрявцева Н.Н. емдік массаждың негізгі амалдарын және емдік гимнастика кешенін көрсетті.

Практикалық сабақта проблемалық оқытуды, ақпараттық технологияларды, Блюм таксономиясын, коммуникативтік технологияларды, топпен жұмыс істеуді пайдаланған.

Аталған сабақты ұйымдастыру барысында Кудрявцева Н.Н жоғары кәсіби қабілеттерін, педагогикалық шығармашылығын және физикалық дайындығын көрсетті.

Практикалық сабаққа жалпы талаптарды және аталған пән бойынша білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттердің ақыл қызметін жандандыратын, шығармашылық қабілеттерін арттыратын дидиактикалық материал әзірленді.

Сабақ барысында қолданылған жабдықтар тиянақты таңдалған. Оқыту үрдісіне тек қана студенттер ғана емес, сонымен қатар қатысушы қонақтар да жұмылдырылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ