«Как живешь выпускник?» акциясы


«Как живешь выпускник?» акциясы

2017 жылдың 26 қазанында «Как живешь выпускник?» акциясының аясында «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Мухамеджанова Мадина Альтаевна АОА-ға және Әулиекөл ауылындағы санитарлық-эпидемиологиялық станцияға барып қайтты. Әулиекөлдің АОА-да осы жылғы үш түлек жұмыс істейді: Туребекова Мадина, Кемелова Гульназ және Мухаметкалиева Кунсулу. Барлығы осы жылы «Жалпы практикадағы мейірбике» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығын бітірген. Қыздар аурухананың әртүрлі бөлімдерінде еңбек етуде, әрқайсысында тәлімгерлері мен көмекшілері бар. Біздің түлектер өздерінің жұмыстары, кездескен қиындықтары туралы айтып, барлығына үйреткендері үшін Медколледж ұжымына алғыстарын айтты. Түлектердің кәсіби қалыптасуы мен материалдық және тұрғын-үй жағдайларын білу үшін жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар түлектер туралы жұмыс берушілерден пікірлер, тілектері мен ойлары жиналды. Өзінің мінездемелері мен алғыс сөздерін тәлімгерлер мен бас мейірбике Гульбану Рахметовна айтты. СЭС-да «Лабораториялық диагностика» мамандығының түлегі Гончаренко Татьяна зертханашы болып қызмет жасайды. Іс сапар кезінде Татьяна жұмыс орында болды. Аға тәлімгерлері мен зертхана меңгерушісі Татьянаға жақсы мінездеме берді. Ол өзінің міндеттеріне жауапкершілікпен және адал ниетпен қарайды, жұмыста тәртіпті және сауатты. Түлектердің толтырған сауалнамаларына сәйкес, барлық түлектер мамандықтары бойынша жұмыс істеуде, жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқашан тәлімгерлері мен үлкен әріптестерінен кәсіби көмек пен қолдау алады.


«Мейіргер ісі» бөлімінің түлегі өзінің тәлімгерімен және бас мейірбике

 

«Лабораториялық диагностика»
бөлімінің түлегі Гончаренко Татьяна

Мухаметкалиева Кунсулу
жұмыс орында

Туребекова Мадина
жұмыс орнында

Кемелова Гульназ
жұмыс орнында












Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ