Мемлекеттік тілде оқытумен «Мейіргер ісі» бөлімінің презентациясы


Мемлекеттік тілде оқытумен «Мейіргер ісі»
бөлімінің презентациясы

2017 жылдың 19 қазанында Қостанай медициналық колледжінде мемлекеттік тілде оқытумен «Мейіргер ісі» бөлімінің презентациясы өткізілді. Жоғарғы курс студенттері өздерінің қатарына бірінші курс студенттерін қабылдап, бөлімнің тарихы жайлы және бөлімде қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жайында баяндап берді. Ал бірінші курс студенттері өз кезектерінде «Посмотрите, кто к нам пришел?» конкурсында өздерінің таланттарын, ән айту, би билеу қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар презентацияға өткен жылдардың түлегі, қалалық ауруханада мейірбике болып қызмет атқаратын Козыбаева Арайлым шақырылды. Ол мейірбикенің қиын, жауапты әрі мейірімді және қайырымды жұмысы туралы әңгімелеп берді. Бірінші курс студенттерге және барлық қатысушыларға еңбекте және оқуда табыс тіледі. Сонымен қатар бірінші курс студенттерін әзіл түрінде студенттер қатарына қабылдап, олар ант берді. Іс-шара жақсы көңіл-күйде өтті.


СКАЧАТЬ Презентация специальности - "Медбикелік іс" 19_10_2017 (95 фото)










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ