Ашық есіктер күні


Ашық есіктер күні

2017 жылдың 03 қарашасында медициналық колледже «Ашық есіктер күні» өткізілді.

Іс-шараның жоспарына экскурсия мен медициналық көмек көрсету бойынша 3 курс студенттерінің мастер-класы кірді.

Аталған іс-шараны өткізуге дайындық барысында колледж әкімшілігі, арнайы пәндердің оқытушылары мен жоғарғы курс студенттері жұмылдырылды. Келген қонақтарға біздің колледж туралы видео мен фотолар көрсетілді.

Колледж әкімшілігі оқушыларды қарсы алды. Колледждің әкімшілігімен кездесу барысында оларды колледждегі оқу үрдісімен, практикаларды, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды өткізу туралы айтып кетті.

Іс-шараның екінші кезеңінде колледж бойынша экскурсия болды, оқушылар симуляциялық кабинеттерге, анатомия, стоматология және химия кабинеттеріне барды.

Үшінші кезеңде «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді.

Іс-шараға барлығы 70 адам келді, соның ішінде:
Қостанай қ. № 1 ОМ - 5 адам
Қостанай қ. № 5 ОМ - 12 адам
Қостанай қ. № 7 ОМ - 9 адам
Қостанай қ. № 16 ОМ - 8 адам
Қостанай қ. № 17 ОМ - 9 адам
Қостанай қ. № 19 ОМ - 6 адам
Қостанай қ. № 22 ОМ - 4 адам
Қостанай қ. № 115 ОМ - 4 адам
Қостанай қ. Горький атын.гимназия - 2 адам Рудный қ.– 3 адам Затобол к.- 4 адам Заречный к.- 4 адам

Қонақтарда «Ашық есік күні» туралы тек жақсы пікірлер қалыптасқан. Мектеп оқушыларына экскурсия ұнады, олар қызықтырған сұрақтарын қойып, колледж оқутушыларымен және студенттерімен белсенді әңгіме жүргізді. Кейбіреулері болашақта біздің колледжге оқуға түсуді жоспарлауда.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ