«Студенттер қатарына қабылдау- 2017»


«Студенттер қатарына қабылдау- 2017»

2017 жылдың 9 қарашасында І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының есігі Қостанай медициналық колледжінің студенттері үшін ашық болды. Дәл осы қара шаңырақта жыл сайынғы «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасы өтеді. Бірінші курс студенттері мен колледж педагогтары іс-шараның басталуына дейін салтанатты атмосфераны сезініп үлгірді: әдемі залда әуен ойнап тұрды, қалғандары холдағы театрдың архитектурасымен сүйсінді.

Сағат тура 15.00 -де мереке басталды. Көңілді концерт толықтай 2 және 3 курс студенттерінің күшімен дайындалған болатын. Кез-келген музыкалық нөмір болсын, ән, би барлығы көрермендерге ұнап, шапалақтарды аямады.

Жаңадан қабылдаған студенттерді директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Сулейменова Светлана Баметгариевна, сонымен қатар мерекенің құрметті қонақтары, практикалық денсаулық сақтаудың өкілдері, колледждің түлектері - Перинаталдық орталықтың бас акушері Чадова Ирина Владимировна, Қостанай облыстық аурухананың бас мейірбикесі Шаповалова Илона Валерьевна, Қостанай қаласының жедел көмек фельдшері Шерер Виталий құттықтау сөздерін айтты.

Бұл күні дәстүрлі түрде бірінші курс студенттерінің старосталары бөлім меңгерушілерінің қолдарынан сынақ кітапшаларына және тілек сөздеріне ие болды. «Бірінші курстардың ант қабылдау» рәсімі өте қызықты өтті. Жаңадан қабылданған студенттер оқытушылар мен достарының алдында өз күштерін аямай барлық оқу жыл барысында жақсы білім алуға, колледждің дәстүрлерін сақтауға ант берді.

Жастармен жұмыс жөніндегі педагог-ұйымдастырушы Сулейменова Б.К.



СКАЧАТЬ "Посвящение в студенты - 2017" 09_11_2017 (202 фото)










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ