31.02.03 «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша орта медициналық білім беру мекемелерінің түлектері арасындағы халықаралық қатысумен сырттай конкурс


31.02.03 «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша орта медициналық білім беру мекемелерінің түлектері арасындағы халықаралық қатысумен сырттай конкурс

15 қарашада «Лабораториялық диагностика» мамандығының 3 курс студенттері Горобец Е., Нагашпаева А., Макишева А. 31.02.03 «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша орта медициналық білім беру мекемелерінің түлектері арасындағы халықаралық қатысумен сырттай конкурсына қатысты. Аталған кәсіби конкурстың ұйымдастырушысы– Астрахань базалық медициналық колледжі. Байқауға барлығы Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының (Қостанай медициналық колледжі, Солтүстік-Қазақстан медициналық колледжі, Қарағанды облыстық жоғары мейірбике колледжі, Өскемен медициналық колледжі) медициналық колледждерінің қатарынан 28 команда қатысты. Қорытынды ұпайлар саны бойынша 1 орынға Архангельск медициналық колледжі ие болды.

Қостанай медициналық колледжінің студенттері қатысушылар сертификатымен, арнайы пәндердің оқытушылары Жарматова А.А., Стокоз О.С., Шаповалов Б.В., Мекебаева А.Т. – кәсіби конкурсқа қатысушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ