«Битва титанов» зияткерлік ойыны


«Битва титанов» зияткерлік ойыны

2017 жылдың 21 қарашасында арнайы пәндердің №4 ЦӘК онкүндігінің аясында «Битва титанов» зияткерлік ойыны өткізілді, оған арнайы пәндердің оқытушылары мен «Лабораториялық диагностика» мамандығының 301 топ студенттерінен құралған командалар қатысты.

Командаларға 4 кезеңнен өту ұсынылды, оларға арнайы пәндер бойынша тапсырмалар берілді:
1) «Викторина»;
2) «Пятница»;
3) «Ситуационная задача»;
4) «Практикалық тапсырма» - «Колориметриялық жолмен эротроциттерді анықтау».

Ойынның қорытындысы бойынша екі команда бірдей жауап беріп, бірдей ұпайларға ие боды. Әділ қазылар студенттер командасының теория бойынша және практикалық дағдылар бойынша жақсы ойын көрсеткенін атап өтті.

Әділ қазылар қатысушыларды жақсы ойын көрсеткендері үшін мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапаттады.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ