«МЗТ-мен микробиология, вирусология» пәні бойынша ашық практикалық сабақ


«МЗТ-мен микробиология, вирусология» пәні бойынша ашық практикалық сабақ

2017 жылдың 15 қарашасында арнайы пәндердің №4 ЦӘК онкүндігін өткізу аясында №3 бөлім меңгерушісі О.С. Стокоз «МЗТ-мен микробиология, вирусология» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізіп, оған «Лабораториялық диагностика» мамандығының 301 студенттері қатысушылар болды, ІІ топша.

Ашық сабаққа директордың ОЖ жөніндегі орынбасары Жарматова А.А., №4 ЦӘК төрайымы Шулейко С.В., колледждің жас оқытушылары қатысты.

Практикалық сабақтың тақырыбы: «Топырақ пен суға санитарлық-микробиологиялық зерттеу жүргізу техникасы».

Сабақтың мақсаты: санитарлық-микробиологиялық зерттеулерді өткізу дағдылары мен білімдерін дамытуға және қалыптастыруға әсер ету, қоршаған ортаның нысандарының санитарлық-биологиялық жағдайларын бағалау (су және топырақ).

Сабақ барысында оқытушы оқытудың заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістерді көрсетті: Step by step, іздеу-зерттеушілік, стратегиялық және проблемалық оқыту, нақты жағдайлардың талдауы, кәсіби жағдайларды модельдеу, амалдардың алгоритмдері, кейс – стадии, сын тұрғысынан ойлау әдістері, шағын топтарда жұмыс.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ