«Космические фармацевты» экстремалды шоу.


«Космические фармацевты» экстремалды шоу

20.11.2017 Қостанай медициналық колледжінде №4 ЦӘК онкүндігін өткізу аясында «Космические фармацевты» экстремалды шоу іс-шарасы өткізілді. Шоудың мақсаты фармацияның өткенін, қазіргі және болашағын шындық пен әзілдің элементтерімен көрсету болды.

Шоу үш конкурстан тұрды:
1. Бұрынғы кездегі адамдарды дерттен емдеу көрінісі (бақсылар, сиқыршылар және емшілер).
2. Халатттар жиынтығын көрсету - қазіргі таңдағы ойдан шығарған есімдермен атақты сән үйлерінің үлгілерін көрсету.
3. ҚМК-нің ұрпақтары үшін болашақ фармацевттің халаты мен бейнесі (әзіл элементтерімен).

Шоу қызықты ,көңілді өтті. «Ұшу барысында» 1,2, 3 класс жолаушылары (студенттер) мен бизнес-класс жолаушылары (шақырылған қонақтар мен әділ-қазылар) жақсы көңіл-күйде болды. Іс-шараға қиял-ғажайып ертегісіндегі Джин өзінің сиқырлы колбасымен уақыт аралығында болуға көмектесті. Ал ұшақтың экипажы ұшу кезеңін қауіпсіз, тез және жеңіл етті (3 курс студенттерінің жүргізушілер).

Конкурстың нәтижесі бойынша 2 курс студенттері жеңіске жетіп, барлық командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шараны арнайы пәндердің оқытушысы Н.Ф.Жоламанова дайындады.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ