Анатомияны оқитын студенттер арасындағы брейн-ринг


Анатомияны оқитын студенттер арасындағы брейн-ринг

«Акушер» біліктілігімен 102 «Емдеу ісі» тобының студенттері «Анатомиялық брейн-ринг» зияткерлік ойынына қатысты. Аталған іс-шара ҚМПИ дене шынықтыру, спорт және туризм кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Брейн-рингті өткізудің басты мақсаты - анатомияны оқытуда зерттеушілік амалды ояту және және тереңдеп оқытуды көпшілікке тарату болды.

Конкурсқа 4 команда қатысты. «Птицы счастья» атауымен қатысқан акушерлер командасынан басқа, ҚМПИ, ҚСТУ студенттері мен «Дарын» білім алушылары қатысты. Бағдарламаға келесі конкурстар кірді: үй тапсырмасы «Визитная карточка», анатомиялық сөзжұмбақты шешу, остеология, синдесмология, миология «Бұлшықеттер әлемінде», «Пойми меня» динамикалық анатомия бойынша сұрақтар, сонымен қатар капитандар байқауы.

«Визитная карточкада» болашақ акушерлер таныстыруды өлең түрінде дайындап, ұран мен эмблема таңдап, газет дайындаған. Команданың атауы «Птицы счастья» болып таңдалған, себебі балаларды алып келетін ләйлекті меңзеген. Аталған тақырып таныстыруда, команданың эмблемасында ашылды.

Негізгі конкурста тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен функционалдық ерекшеліктері туралы сұрақтар болды. Капитандар латын тіліндегі анатомиялық терминологияда жарысуға тура келді.

Әділ қазылары ҚМПИ оқытушылары мен командалардың жетекшілері болды.

Тартысты ойында ақ халаттағы қыздар педагогикалық институттың студенттерімен бірінші орынды бөлісті. Екінші орынға «Дарын» білім алушылары, үшінші орынға ҚСТУ спортшы-студенттері ие болды. Командалар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ең белсенді қатысушылар «Мозг команды» номинациясында арнайы дипломдармен марапатталды. Соның ішінде ҚМК екі студенттері - Сапаргалиева Альбина және Акжанова Айткуль.

Команда анатомия оқытушысы И.Е.Романюкқа және «Визитная карточканы» дайындауға көмектескен Б.К.Сулейменоваға, сонымен қатар газетті безендіруге көмектескен 101 «Фармация» студенті Балакин Михаилге алғыстарын білдіреді.


Сапаргалиева Альбина (капитан команды), Акжанова Айткуль, Граб Людмила,
Дущенко Екатерина, Тимощук Ангелина, Хадыева Регина, Романюк И.Е.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ