«История моего города» тақырыбы бойынша үздік электрондық карта мен презентация конкурсы


«История моего города» тақырыбы бойынша үздік электрондық карта мен презентация конкурсы

13 желтоқсанда аймақтық өлкетану рөлін насихаттау мақсатында «История моего города» тақырыбы бойынша үздік электрондық карта мен презентация конкурсы өткізілген болатын.

Конкурстың міндеттері:
- азаматтық париоттық және рухани-адамгершілік тәрбиеде өз Отанының рөлін арттыру;
- білім алушылардың тарихи өлкетану жұмысына белсенді қатысу үшін жағдай жасау;
- білім алушылардың зерттеушілік және практикалық дағдыларын дамытуға жағдай жасау;
- туған өлкенің тарихын сақтауда студенттердің әлеуметтік-пайдалы қызметтерін ұйымдастыру және қолдау;

Конкурста бірінші курс студенттері тарихи бөлімдер белгіленген Қостанай қаласының картасын, презентация ұсынып, жұмысты ауызша таныстырды. Жобалардың тақырыптары: «Купеческий Кустанай», «Кустанай в годы революционного подъема и гражданской войны», «Кустанай в годы Великой Отечественной войны», «Целинная эпопея», «Советский Кустанай», «Культурные объекты Кустаная первой половины ХХ века», «Культурные объекты Кустаная второй половины ХХ века».

Бірінші орынды 104 «Мейіргер ісі» тобы алды, екінші орынды 101 «Фармация» тобымен 102 «Мейіргер ісі» тобы бөлісті, үшінші орынға – 101 «Мейіргер ісі» және 101 «Емдеу ісі» тобы ие болды. Туған өлкенің тарихын білгірлерін құттықтаймыз.













Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ