Жаңа жылдық сиқыр!


Жаңа жылдық сиқыр!

Желтоқсанның екінші жартысы Қостанай медициналық колледжінде «Подари радость детям» ұранымен өтті. 102 «Мейіргер ісі» тобының студенттері әлеуметтік жобалар конкурсында әділ қазылар мен көрермендерді олардың жобалары маңызды, қызықты екендігіне көндіріп, жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

Студенттердің бастамасы бойынша колледждің бірінші қабатында «Детская жизнь не мелочь» жазылған плакаты мен шыны колба орналастырылды. Аталған акция өз нәтижесін беріп, ұсақ ақшалармен 10000 теңге жиналды.

22 желтоқсанда 1 және 2 курс студенттері үлкен қоңырауда жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырды. Студенттер өздері пісірген, дайындаған тағамдарын сатты. Осылай бірлесіп жаңа жылдың қарсаңында 75000 теңге жиналды және мұқтаж адамдарға көмектесуге шешім қабылданды. 

«Наш Костанай» газетінің тілшілерімен бірлесіп, балаларды қамқоршылары тәрбиелеп жатқан, немесе тек әкесі ғана бар, сонымен қатар көп балалы төрт отбасы таңдалды. Балалаларға арнап студенттер сыйлыққа тәттілер, қысқы аяқ киім мен киім, кеңсе тауарларын, сурет салуға қажетті құралдар алып келді. Балалар өте қуанышты болды. 

Аяз ата мен Ақша қар киіміне киініп өздерін сиқыршылар рөлінде сезінген студенттер өздері де жақсы сезімде болды. Балалар студенттерді құшақтап, жақсылықтарына алғыс білідіп, көпке дейін жібергілері келмеді. 

Осы күндері Қостанай медициналық колледжінің сиқырлы бригадасы «Жанұя» отбасылық балалар үйіндегі бүлдіршіндерге сиқырға сенуге көмектесті. Студенттер театрланған көрініс дайындап, көрсетті. Ертеңгілікті өткізу барысында қыздар мен ұлдар конкурстарға қатысып, ертегі кейіпкерлерімен ән айтып би биледі. Аяз ата мен Ақша қарға тақпақ айтты. 

Ертеңгіліктің кейіпкерлері Барбоскиндер перинаталдық орталықтың қызметкерлерінің балаларына қонаққа бюарып қайтты. Олармен біз ұзақ уақыттан бері серіктестік қарым-қатынас орнатқанбыз. 

28 желтоқсанда колледждің мәжіліс залында колледж қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Мерекенің жүргізушілері қарша қыздар ертеңгіліктің қонақтары - Аяз атаны, Ақша қарды, өткен жылдың нышаны әтешті және келер жылдың нышандары Барбоскиндер отбасын қарсы алды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып ән айтып, би биледі, Аяз ата мен Ақша қарға тақпақ айтты. Балаларға сыйлықтар ұсынылды.

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ