«IT новатор - 2018»


«IT новатор - 2018»

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының және 2018 жылдың 17 қаңтарынан 15 ақпан аралығындағы ақпараттық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында Қостанай облысының техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарының арасында «IT новатор – 2018» конкурсы өткізілді.

Конкурсты өткізудің мақсаты - кәсіби қызметінде заманауи it-технологияларды қолданатын, педагог жұмыстарының инновациялық тәжірибелерін анықтау және насихаттау.

Облыстық конкурс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші сырттай іріктеу кезеңінде 30 қатысушы болды, соның 8 конкурстың іштей кезеңіне қатысты.

Қостанай медициналық колледждің атынан жалпы кәсіптік пәндердің оқытушысы Халбаева Гулжан Рашидовна қатысты.

Гулжан Рашидовна конкурстың екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғарғы балл жинап, Қостанай облысының ақпараттық технологиялар оқытушыларының арасындағы облыстық конкурста 1 орынға ие болды.

Гулжан Рашидовнаны облыстық деңгейдегі табысты дебютімен құттықтаймыз!









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ