«Аналар мектебі»


«Аналар мектебі»

2018 жылдың 22 ақпанында №1 ЦӘК онкүндігінің аясында «балалар аурулары» пәнінің оқытушысы Заболотникова Н.С. «Лабораториялық диагностика» мамандығының 301 тобында «Аналар мектебі» формасында тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты - 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру сұрақтары бойынша студенттерде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану.

Студенттерге жаңа туған балаларға күнделікті күтім көрсету, бөлеу, гигиеналық ванна көрсетілді, «1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру» видеофильмі ұсынылды. 

Тренинг барысында студенттерге баланың көздерін, мұрынын, құлақтарын, тері табиғи қатпарларын тазарту, баланы бөлеу мүмкіндіктері ұсынылды.

Оқытушы студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Тренинг қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, жұмыс атмосферасында өтті.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ