1942 жылғы фельдшерлік-акушерлік мектептің түлектеріне арналған мұражайлық сабақ


1942 жылғы фельдшерлік-акушерлік мектептің түлектеріне арналған мұражайлық сабақ

Осы жылы Ленинградтың қоршаудан босауының 75 жылдығын тойлаймыз. Осыған байланысты 22 ақпанда 1942 жылғы фельдшерлік-акушерлік мектептің түлектеріне арналған мұражайлық сабақ өткізілді. Қостанай медициналық колледжінің мұражайында Ленинградтың түбінде қаза тапқан әскери фельдшер Макиш Зенгетаев туралы ақпараттар жиналған. Макиш Зенгетаев арқылы студенттер Ұлы Отан соғысының әскери фельдшерлерімен таныс болады. 

Бірінші курс студенттері мұражайлық сабақта Кустанай фельдшерлік-акушерлік мектепте 489 адам оқып жатқандығы туралы білді.1941 жылдың тамыз айынан бастап оқыту мерзімдері бір жарым жылға қысқартылды, жаңа пәндер енгізілді: саптық және атыс дайындықтары, әскери-жорық хирургия, санитарлық техника. Білім алушылар винтовка мен автоматтан ату дағдыларын, граната лақтыруды, окоп қазуды, ұрыс алаңының жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсете білуді меңгерулері қажет болды. Осының барлығы оқу кестесімен үстінде өткізілді. Сол жылдары студенттерге оқу қиынға соқты, себебі олар аш болды, сабаққа тамақ ішпей баруға тура келді. Нан алу үшін көп уақыт кезекте тұру қажет болды. Қыста сабақтар жылу жоқ ғимараттарда өткізілді. Мектепте электр энергиясы болған жоқ, 2 ауысымдағы студенттер керосинді лампамен оқуға мәжбүр болды. Осыған қарамастан мектеп 100-140 түлек шығарып отырды.

 









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ