Практикалық денсаулық сақтаумен біріктірілген ашық практикалық сабақ


Практикалық денсаулық сақтаумен біріктірілген ашық практикалық сабақ

Озық тәжірибе мектебі жұмысының аясында 2018 жылдың 19 ақпанында арнайы пәндердің оқытушысы И.Н.Воронцова «Қостанай қалалық аурухана» КМК базасында «Хирургия мен реанимациядағы мейіргер ісі» мамандыру бойынша «Инфекциялық бақылау. АІИ алдын алу» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығының 302 тобында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабаққа Қостанай қалалық аурухананың бас мейірбикесі Шаповалова И.В., директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Сулейменова С.Б., «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі, әдіскер Коновалова В.В., арнайы пәндердің оқытушылары Радзицкая Е.А., Барабан А.А., Исмаилова Л.Е қатысты.

Оқу сабағын өткізудің мақсаты: білім алушылардың «Хирургиядағы мейіргер ісі» курсы бойынша сабақтарда алған білімдерін жүйелендіру және тереңдету. «АІИ», «Инфекциялық бақылау», «Инфекцияның жұғу жолдары» тақырыптары бойынша өткен материалдарын жалпыландыру және қайталау бойынша студенттердің қызметтерін ұйымдастыру. Жауапкершілік, ұқыптылық, пациенттермен қарым-қатынас жасау қабілеті, этика және деонтология принциптерін сақтау сияқты кәсіби маңызды сапаларды дамыту.

Сабақ барысында студенттер хирургиялық әдіспен қолдарды тазарту, операциялық алаңды дайындау сияқты практикалық дағдыларды меңгерді.

Сабақта келесі заманауи ақпараттық технологиялар қолданылды: Step by step, симуляциялық, ақпараттық-коммуникативтік, имитациялық ойын технологиялары.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ