«Алғыс айтқым келеді» акциясы


«Алғыс айтқым келеді» акциясы

2018 жылдың 1 наурызында Қостанай медициналық колледжінде алғыс айту Күніне арналған акция өтті. Колледждің қызметкерлері мен студенттеріне арналған 1 қабатта «Алғыс айтқым келеді» деген плакат ілінді, ол жерге кез-келген адам өзінің алғыс сөздерін жазып, жабыстыруға мүмкіндігі болды. Атмосфера мерекелі көңіл-күйде болды. Өзінің оқытушысына, досына, туған-туыстарына жай ғана «Рахмет!» деп айтушылар саны көп болды.

Акцияның соңында плакатка алғыс сөздері жазылған түрлі-түсті стикерлер жабыстырылып, бос орын қалған жоқ.

Сонымен қатар 1 наурызда колледж студенттері Қостанай медициналық колледжінің тыл еңбеккерлерін, еңбек ардагерлерін алғыс айту Күнімен құттықтады.

Тыл еңбеккерлеріне колледж директоры С.А.Катпенованың және барлық студенттердің атынан алғыс сөздерін жеткізді. Оларға мықты денсаулық, бақыт және сәттілік тіледі.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ