"Терапиядағы мейіргер ісі" пәнінен олимпиада


"Терапиядағы мейіргер ісі" пәнінен олимпиада

№1 ЦӘК онкүндігінің аясында оқытушылар Рақым Б.А. және Лапатиева К.Ю. «Мейіргер ісі» бөлімінің 301, 302, 303 топтарының арасында «Терапиядағы мейіргер ісі» пәнінен олимпиада өткізді.

Олимпиаданың іріктеу кезеңі 14 және 15 ақпанда өткен болатын. Студенттерге тест тапсырмалары ұсынылды, соның қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған студенттер келесі кезеңге өтті.

19 ақпанда олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Әділ қазылар ретінде арнайы пәндердің оқытушылары Заболотникова Н.С., Брынская Л.А. және Барабан А.А. шақырылды. Командалар викторинаның сұрақтарына жауап беріп, ұсынылған тапсырмаларға сәйкес мейірбикелік күтім ұйымдастырды, практикалық манипуляцияларды орындады.

Конкурстың қорытындысы бойынша 303 «Мейіргер ісі» тобы 1 орынға ие болды.
Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен грамоталар ұсынылды.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ