Химиядан Республикалық қашықтық олимада


Химиядан Республикалық қашықтық олимада

А.Байтұрсынов атын. ҚМУ ұйымдастырған химиядан Республикалық қашықтық олимпиадаға Қостанай медициналық колледжінің 3 студенті Нурсултанова Диана, Шагвалиева Евгения, Сапаргалиева Альбина қатысты. Іс-шараға қатысуға Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Степногорск, Рудный, Қостанай, Ақмола және Қостанай облыстарынан 259 оқушылар мен студенттер ұсыныс жіберген. Олимпиада екі кезеңнен болды: 14 наурызда іріктеу тест және 16 наурызда тапсырмаларды орындау.

Онлайн-тест іріктеу кезеңінде 30 минут ішінде 20 тапсырманы орындау қажет болды. Екінші кезеңге 100 балдан 70 балл жинаған 62 қатысушы өтті. Олимпиаданың екінші кезеңінде заттардың формулаларын шығару, химиялық заттардың идентификациясы, химиялық реакциялардың жылдамдығы және т.б. 5 тапсырмадан тұрды. Қорытынды бойынша 100 балл 1 қатысушы (2%), 80 балл – 1 қатысушы (2%), 60 балл – 11 қатысушы (21,6%), 40 балл – 18 қатысушы (35,3%), 20 балл – 14 қатысушы (27,5%) және 6 қатысушы (11,8%) тапсырмаларды орындай алмады..

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 60 балл жинап Нурсултанова Диана 3 орынға ие болды!

Диананы және Рябуха Елена Викторовнаны Республикалық олимпиадщадағы жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ