«Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы
Басты -> Жаңалықтар -> «Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы
«Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі»
мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы
2018 жылдың 30 сәуірінде «Акушер (-ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік акушер» кәсіби конкурсы өтті. Конкурсқа үшінші курс студенттері командамен қатысты, екінші курс ұйымдастырушы болып, бірінші курс көрермен болды.
Әділ қазылар ретінде шақырылды:
1. Әділ қазы төрайымы Жарматова Айнагуль Алтынбаевна – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
2. Заболотникова Надежда Семеновна – ЦӘК төрайымы, балалар ауруларының оқытушысы
3. Барабан Анастасия Александровна – ЦӘК төрайымы, мейіргер ісінің оқытушысы
4. Асанова Марьям Каримовна –акушер дәрігер – гинеколог, акушерия оқытушысы.
5. Мурзакулова Гульжан Шадаевна – валеология оқытушысы.
Командаларға келесі тапсырмалар берілді:
I кезең – өздерін таныстыру «Мен және менің болашақ мамандығым»
II кезең – «Отбасын жоспарлау» тақырыбы бойынша видеоролик конкурсы
III кезең – теоретиялық тур, акушерия, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар бойынша - блиц – турнир, және Қостанай қаласының денсаулық сақтау мамандарының видео-сұрақтары..
IV кезең – «Искусные руки», процедуралық, балалар және акушерия үш кабинетке бөлінген манипуляциялық залдағы үздік практикалық дағдыны меңгерген қатысушы анықталды.
Қатысушыларды келесі манипуляцияларда бағаланды:
1. Тамыр ішіне енгізу техникасы - Барабан Анастасия Александровна.
2. Жаңа туған баланың таңертеңгі дәретханасын жүргізу - Заболотникова Надежда Семёновна
3. Іш пальпациясы (Леопольд Левицкийдің 4 әдісі) - Асанова Марьям Каримовна.
IV кезеңде командаларға Quizlet.live.ойыны ұсынылды
Көңіл-көтеру кезеңіне -Султанов Ораз және ҚМК «Адреналин» фитнес тобы шақырылды.
«Үздік акушер» кәсіби конкурсының жеңімпаздары атанды:
І дәрежелі диплом – Судоргина Аксинья
ІІ дәрежелі диплом – Абрамова Светлана
ІІІ дәрежелі диплом – Исмаилова Лаура