«Астана – болашақтың қаласы»


«Астана – болашақтың қаласы»

Астанамыздың 20-жылдығына 101 «Мейіргер ісі» тобының студенттері үш топқа бөлініп «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбы бойынша хабарлама дайындады. Осылай, бірінші топ Астана опера бойынша виртуалды саяхат ұсынды. Студенттер бас театрымыздың архитектурасымен танысты. Театрдың фойесы бойынша виртуалды саяхат жасады және кулиса артындағыны көрді, және бірнеше тонна салмағы бар декорацияларды көрді. «Абай» спекталіне дайындалып жатқан әртістерге грим жасайтын бөлмеге кірді.

Екінші топ «Тәуелсіздік жылдардағы Астананың экономикалық дамуы» тақырыбы бойынша өз жұмысытарын ұсынды. Студенттер өз жұмыстарында өткен жылдың жазында өткен «Экспо» халықаралық көрмеге басты назар аударды. Жұмыстың барысында көрмеге қатысқан студенттер пікірлерімен бөлісті.

Астанадағы жүргізілетін жастардың жобасы туралы үшінші тобының студенттері айтып берді. Бұл ақпараттық және инновациялық технологиялары бойынша конкурстар, жас ғалымдар және новаторлар жүзеге асыратын перспективті туристік маршруттарды және экономикалық жобаларды әзірлеп жасауы.

Сабақ өте қызықты болып өтті. Болашақта осындай виртуалдық саяхаттарды жүргізуге жоспарладық.

 









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ