«Үздік фельдшерлік бригада» конкурсы


«Үздік фельдшерлік бригада» конкурсы

10 сәуір күні Қостанай медициналық коллежінде «Фельдшер» біліктілігімен «Емдеу ісі» бөлімінің 301 топ студенттері арасында «Үздік фельдшерлік бригада» конкурсы өтті.

Іріктеу кезеңінде негізгі клиникалық пәндерден тестілеу өткізіліп, қорытындысы бойынша үш қатысушы команда таңдалды.

Әділ қазылар ретінде шақырылды:
- Жетписбаева Наталья Борисовна, директордың КО жөніндегі орынбасары;
- Заболотникова Надежда Семёновна, ЦӘК төрайымы, «Балалар аурулары» пәнінің оқытушысы;
- Воронцова Ирина Николаевна, ЦӘК төрайымы, «Хирургиялық аурулар пәнінің оқытушысы»;
- Байсарина Акжан Умержановна, «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы.

Командаларға келесі тапсырмалар ұсынылды:
I кезең Студенттер үй тапсырмасын көрсетті - командаларын таныстыру

II кезең  Викторина «Терапевтический аккорд». Қатысушыларға медицина мен терапия тарихы бойынша 30 сұрақ ұсынылды

Командалардың атынан қатысқандар:
Сапар Махаббат
Жантасова Айнур
Костенко Евгений
III кезең  Хирургиядан «Очумелые ручки» эстафетасы

Студенттерге дәкелік таңу әдістерін көрсету ұсынылды: масақ тәрізді, Дезо және чепец. Командалық орындаудың жылдамдығы және таңғыштарды салу сапасы бағаланды.

IV кезең  «Мастера инъекций». Дәрілерді тамыр ішіне егу манипуляциясын көрсетеді (хлорлы кальций). Дұрыстығы мен жылдамдығы, сонымен қатар егу ерекшеліктері бағаланады.

Командалардың атынан қатысқандар:
Ситникова Ольга
Андрианова Кристина
Талгатбек Райымбек  

V кезең  «Medica mente, non medica mentis» («Лечи умом, а не лекарствами»).Қатысушыларға гинекология және балалар аурулары бойынша клиникалық жағдаяттық тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар коммуникативтік дағдыларын көрсетіп, пациентке кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.

Командалардың атынан қатысқандар:
Оспанова Гульмира
Альмагамбетов Батыржан
Кучербаева Разия 

Конкурс кезінде Радочин Павел, Петрушин Юрий және Тепловодская Надежда ән айтты

202 «Емдеу ісі» тобының студенттері би биледі

Конкурстың қорытындысы бойынша «Верхушка айсберга» командасы жеңіске жетті (Ситникова Ольга, Сапар Махаббат, Оспанова Гульвира)

Жеке мақтау қағаздарымен келесі қатысушылар марапатталды:

Жантасова Айнурв «Терапевтический аккорд» номинациясы бойынша;
Ситникова Ольга «Мастер инъекции» номинациясы бойынша;
Оспанова Гульвира «Medica mente, non medica mentis» номинациясы бойынша.


 









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ