«Жас Отан» ЖҚ IV съезінің делегаты хирург, жас дәрігер-
эндоскопист Асадова Эльвирамен студенттердің кездесуі

09 сәуірде колледжде «Жас Отан» ЖҚ IV съезінің делегаты, №3 емхана және Облыстық аурухана хирургы, жас дәрігер-эндоскопист Асадова Эльвирамен кездесу өтті.

Кездесу барысында Эльвира Астана қаласында «Мы меняем мир!» ұранымен өткен «Жас Отан» ЖҚ IV съезінен алған әсерлерімен бөлісті. Асадова Э. медицина саласындағы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті: алғашқы рет облыстық балалар аурухана жағдайларында өкпе жүйелерінің патологиясымен науқас балаларға бронхблокаторларын қоюды практикада енгізді. Грант бойынша Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы үздік медициналық университетіндегі машықтануы туралы да айтып берді.

Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойды. Кездесудің соңында Эльвира болашақ медициналық қызметкерлерге сәттілік тілеп, «Ешқашан тоқтап қалмай, әрдайым алдыға ұмтылу керек» деген тілектерін айтты.

 









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ