"Торговля людьми - современное рабство" тақырыптық диалог


"Торговля людьми - современное рабство" тақырыптық диалог

2018 жылдың 22 мамырында Н.Островский атын. қалалық кітапханасында "Торговля людьми - современное рабство" тақырыптық диалог өткізіліп, оған біздің колледждің 102 «Емдеу ісі» тобы шақырылды. Жүргізушілер біздің елдегі адам саудасы өзекті мәселеге айналғанын атап кетті. Медициналық ұйымдардағы нәрестелерді сату жағдайлары көбейіп кеткен, оған мысалдар келтірді. "Человек как вещь" және "Исповедь раба" видеороликтерін көрсетті. Видеороликті көріп болғаннан кейін, көптеген жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбейді деген шешімге келді. Жүргізушілер адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ҚР-ның қылмыстық кодексінің баптарымен таныстырды. Мысалы 128 «Адам саудасы» бабы - мүлікті тәркілеумен 15 жылға дейін. Сонымен қатар студенттері адам саудасының құрбаны болмау үшін негізгі бөлімдермен таныстырып кетті: баратын елдің тілін білу, жұмыс істеуге таңдаған біліктілігіңіз сіздің мамандығыңызға сәйкес келе ма және т.б. студенттер қажетті және маңызды ақпараттар алды.







«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ