«Милосердие» үйірмесі жасөспірімдердің бейімделу орталығында


«Милосердие» үйірмесі жасөспірімдердің бейімделу орталығында

02.06.2018 жылы «Милосердие» үйірмесі жетекшісі Глушко Л.В. және 104 «Мейіргер ісі» тобымен бірлесіп жасөспірімдердің бейімделу орталығына барып қайтты. Іс-шара «Балаларды қорғау күніне» арналды. Балаларға арналған мереке жаздың алғашқы күнінде өтеді. Балаларды қорғау күні барлық адамдарға әрбір баллаланың құқығы туралы еске салып, оларды бұзбауға шақырады. «Милосердие» үйірмесінің студенттері балаларға арналған қызықты іс-шара дайындап, өткізді. Үйірменің еріктілері командалық ойындар, доппен көңілді эстафеталар ұйымдастырды. Іс-шараның соңында белсенді қатысқан балаларға ҚМК студенттерінің алғашқы кәсіподақ ұйымының атынан тәтті сыйлықтар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ