«Менторларды дайындау бағдарламасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы


«Менторларды дайындау бағдарламасы»
тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы 

Қостанай медициналық колледжінде 2018 жылдың 9 шілдесінен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат студенттеріне менторлар ретінде жоспарланған емханалар мен стационарлардың мейірбикелеріне арналған «Менторларды дайындау бағдарламасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қостанай медициналық колледжі «Кеңейтілген практика медбикесі» біліктілігі, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды бастайды.

Осы білім беру бағдарламасын енгізу аясында оқыту үрдісін және медициналық ұйымдардың базаларында студенттердің практикалық дағдылары мен іскерліктерін жүзеге асыруға көмектесуді қамтамасыз ететін медициналық ұйымдардың дайындалған менторлар болуы тиіс.

Бақылаушының қызметін атқаратын тәлімгерден айырмашылығы, ментор қолдайды, оқытады және клиникалық оқытуды саралайды және бағалайды. Ментор – бұл көп қырлы рөл; ментордың қызметіне мұғалімнің рөлі, сенетін достың; ақылды кеңесшінің, тыңдаушының; кеңесші және жаттықтырушының қызметтері жатады. Ментор құзыреттіліктің үш түрін меңгеруі тиіс: пәндік, басқарушылық және инновациялық.

Менторларды дайындау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі «Менторларды дайындау бағдарламасы» атты тақырыптық жетілдіру білім беру бағдарламасын әзірледі. Оқыту екі кезеңге есептелген, әрқайсысы 54 сағаттан (барлығы 2 апта, 108 сағат), арасында оқытудың 1 аптасы аяқталғаннан кейін тәлімгерлік тәжірибе бойынша тапсырмаларды орындау үшін 6 ай үзіліс жоспарланған.

Оқытудың негізгі мақсаты – менторларды дайындау және менторлықта дәлелденген медбикелік істі дамытуды қолдау.

Циклдың негізгі міндеті – тәлімгерліктің заманауи әдістеріне үйрету, дәлелденген мейірбикелік істің дағдыларына оқыту.

Курс барысында тыңдаушылар мейірбике ісіндегі тәлімгерліктің теориялық және практикалық негіздерімен; қызметтік міндеттерімен, талаптарымен, жақсы ментордың негізгі сипаттамаларымен және ережелерімен; мейірбике ісіндегі тәлімгерліктің халықаралық тәжірибесімен; мейірбике ісіндегі тәлімгерліктің заманауи әдістерімен және стильдерімен таныс болулары қажет. Өзінің тәжірибесімен бөлісу амалдары мен әдістеріне үйрену.

Оқытудың білім беру бағдарламасымен, клиникалық практика бойынша басшылықпен, толтыруға қажетті құжаттармен, мейіргер ісі бойынша қолданбалы бакалавриат студенттерінде қалыптастыратын құзыреттіліктермен, техникалық және кәсіптік оқытудың мейірбике ісі мамандарын дәстүрлі дайындаудан ерекшеленетіндіктен, оқытудың несиелік технологиясымен таныс болулары қажет.

Курс тыңдаушылары оқытудың мақсаттарын құрастырып, оларды жүзеге асыруда студенттерге көмектесуге үйренулері тиіс. Клиникалық практиканың мақсатына жету үшін студентті қалай ынталандыру керек, үлгірмейтін студенттерге қалай көмектесу керектігі туралы білуі тиіс.

Студенттермен және тьюторлармен (колледж оқытушылары) өзара тиімді қарым-қатынас қалыптастыру үшін, психология, менеджмент саласынан білім қажет болады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ