«Болашағыңды бүгін таңда» акциясы



«Болашағыңды бүгін таңда» акциясы

29 қыркүйекте Қостанай жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенттері Наушабаев атындағы Затобол қазақ мектеп-лицейдің базасында «Болашағыңды бүгін таңда» акциясына қатысып, қолдың сынығы кезінде алғашқы көмек көрсету және жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу алгоритмі бойынша мастер-класс көрсетті.

Аталған акция мамандықты саналы таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастыруға және болашағын жоспарлау саласында оқушылардың құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Мектеп оқушыларына мастер-класс ұнап, арасында бізге колледжге оқуға түсуге ынта білдіргендер болды.

12 қазанда осындай іс-шара Заречный а. мемлекеттік тілде оқытылатын мектепте өтеді, ол іс-шараға ҚЖМК студенттері қатысуы жоспарлануда.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ