Колледж оқытушыларына арналған мастер-класс



Колледж оқытушыларына арналған мастер-класс

Колледж оқытушыларының біліктіліктерін арттыру бұрын алған кәсіби білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру, тереңдету және кеңейтуге жол беретін кәсіби оқыту формалардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда колледждің жоғары колледжге қайта ұйымдастырылуы және көшу жағдайында педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жүйесі білім беру үрдісінде маңызды компонент болып есептеледі. Колледж қызметіндегі басты басымдылықтардың бірі оқытушылардың біліктіліктерін арттыру бойынша мақсатты бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады. Колледждегі оқытушылардың біліктіліктерін арттыру жұмысы тұрақты, ыңғайлы және білім берудің оперативті құрылымы болып табылады. Тек қыркүйек-қазан айында колледжде арнайы пәндердің 11 оқытушысы біліктілікті арттыру курсында оқуда, содан кейін олар колледждің қалған оқытушылары үшін мастер-класстар өткізеді.

Оқытушы Петинова Т.М. «Продвинутый курс тренеров медицинской организации образования по организации симуляционного обучения» циклы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде оқып келді. 25-26 қыркүйегінде Татьяна Михайловна Колледж оқытушылары үшін мастер-класс өткізді.

Студенттерді симуляциялық оқыту сұрақтары қарастырылды. Құзыреттіліктерге негізделген оқытушыларды симуляциялық оқыту бойынша кәсіби дайындау. Медицинадағы тиімді симуляцияның ғылыми дәлелденген негізгі принциптері. Студенттер топтарымен симуляциялар. Симуляциялық оқытудың нәтижелерін бағалау. Оқыту технологиялары бойынша негізгі дағдылар.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ