Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «В здоровом теле – здоровый дух» ұлттық бағдарламасына арналған спорттық іс-шара



Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай
«В здоровом теле – здоровый дух» ұлттық
к бағдарламасына арналған спорттық іс-шара

2018 жылдың 10 қазанында Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Спорт бұл өмір!» атты ұранымен көпшілік-спорттық іс-шара өтіп, оған 103 «Мейіргер ісі» тобының және 204 «Мейіргер ісі» тобының студенттері қатысты.

Жарыстың басында студент Шертаева Амина психикалық аурулардың алдын алу туралы ақпаратпен бөлісіп кетті. Топтар 2 командаға бөлінді.

Жарыстың бағдарламасына кірді:
1. Допты қолда ұстап жүгіру
2. Допты жоғарыдан беру
3. Допты жоғарыдан және аяқ ортасынан беру
4. Теннис добы және ракеткамен жүгіру
5. Шеңберді қолға ұстап жүгіру
6. Секіртпемен секіру
7. Арқан тартысу

Қызықты және тартысты жарыстың нәтижесінде 204 «Мейіргер ісі» тобын бір ұпайға артта қалдырып 103 «Мейіргер ісі» тобы бірінші орынға ие болды.

Бірақ арқан тартысу сайысында жігерлікті көрсетіп, күшпен жеңісті 204 «Мейіргер ісі» тобы тартып алды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ