Колледж оқытушыларына арналған мастер-класс



Колледж оқытушыларына арналған мастер-класс

Колледж оқытушыларының біліктіліктерін арттыру бұрын алған кәсіби білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру, тереңдету және кеңейтуге жол беретін кәсіби оқыту формалардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда колледждің жоғары колледжге қайта ұйымдастырылуы және көшу жағдайында педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жүйесі білім беру үрдісінде маңызды компонент болып есептеледі. Колледж қызметіндегі басты басымдылықтардың бірі оқытушылардың біліктіліктерін арттыру бойынша мақсатты бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады. Колледждегі оқытушылардың біліктіліктерін арттыру жұмысы тұрақты, ыңғайлы және білім берудің оперативті құрылымы болып табылады. Тек қыркүйек-қазан айында колледжде арнайы пәндердің 11 оқытушысы біліктілікті арттыру курсында оқуда, содан кейін олар колледждің қалған оқытушылары үшін мастер-класстар өткізеді.

Оқытушы Ж.Т. Амренова 10 қыркүйектен 06 қазанға дейін (17.09-22.09 іштей) «Продвинутый курс тренеров медицинской организации образования по организации и проведению проблемно-ориентированного обучения с применением виртуальных пациентов» циклы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде оқып келді.

16-17 қыркүйегінде Жайнагуль Тимирбековна колледж оқытушылары үшін мастер-класс өткізді.

Таңдаған мамандықтары бойынша табысқа жету үшін студенттер аудитория қабырғасында пайда болатын қиын жағдайлардан шыға білуді үйренулері тиіс. Бұл проблемалық бағытталған оқытудың мақсаты болып табылады және оқытудың дәстүрлі әдістерінен шағын топтарда оқытуды қарастыратын интерактивті оқытудың әдісіне көшуді көздейді.

Командадағы жұмыс – медициналық көмек көрсетудің негізгі бөлігі – жалғыз адам медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құзыреттіліктерді орындай алмайды.

Барлық денсаулық сақтаудың қызметкерлері әртүрлі командаларда тиімді жұмыс істей білулері қажет және жаңа топтарға бейімделулері тиіс.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ