Қостанай облыстық мұражайында рухани келісім күні
Басты -> Жаңалықтар -> Қостанай облыстық мұражайында рухани келісім күні
1992 жылы Алматы қаласында Чикаго қаласындағы 1893 жылы алғашқы әлемдік діндер съезінің жүз жылдығына арналған Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінің алғашқы сессиясы өтті. Конгресстің қорытынды отырысында - 18 қазан Рухани келісім күні болып жарияланды. Содан бері осы күн Қазақстанда және әлемнің басқа қалаларында аталып өтеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімде 140-тан астам ұлт өкілдері, 18 діни конфессиялар өмір сүруде. Халықтың өнегелі және діни бірлігі болашақта елдің дамуының негізгі қалаушысы болып табылады.
18 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы медициналық колледж студенттерін діни конфессияның өкілдерімен кездесуге шақырды.
Діни адамдар жас ұрпаққа дәстүрлі дін бейбітшілікке, мейірімділікке және ынтымақтастыққа, бір-бірін құрметтеуге насихаттайтынын айтты. Мұражай қызметкерлері студенттерге тақырыптық видеролик ұсынды, ал кездесудің соңында бейнеленген ағашқа өздерінің пікірлерін жазып, ілу ұсынылды.