«Мейіргер ісі» бөлімінің мемлекеттік тілде оқитын топтардың презентациясы



«Мейіргер ісі» бөлімінің мемлекеттік тілде оқитын топтардың презентациясы

2018 жылдың 22 қазанында Қостанай жоғары медициналық колледжінде дәстүрлі «Мейіргер ісі» бөлімінің презентациясы өтті. 2 және 3 курс студенттері оқытушылар мен бірінші курс студенттері үшін көңілді мереке ұйымдастырған. Мереке барысында ән айтылып, би биленіп, әзілдер айтылды. Сонымен қатар бөлімнің тарихы, бөлімде қалыптасқан дәстүрлер жайында әңгімеленді. Студенттер қатарына бірінші курс студенттерін қабылдап, өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді. Ал өз кезектерінде бірінші курс студенттері ән айтып, би билеп, көріністер қойып, өмір бойы медициналық қызметкер болуды армандаған студент туралы видеоролик көрсетті. Үшінші курс студенттері ауыр, жауапты, сонымен қатар мейірімді мейірбике еңбегі туралы айтып берді. Бірінші курс студенттеріне оқулары мен еңбектеріне табыс тіледі. Әзіл ретінде бірінші курс студенттері ант қабылдады. Іс-шара жылы және көтеріңкі көңіл-күйде өті.


 



 

СКАЧАТЬ Презентация специальности - Мі 2018_10_22 (113 фото)










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ