БЛКЖО 100 жылдығына арналған "Комсомольская юность моя" замандастарының кездесу-кеші
Басты -> Жаңалықтар -> БЛКЖО 100 жылдығына арналған "Комсомольская юность моя" замандастарының кездесу-кеші
30 қарашада 101 фармация тобы Н.Островский атындағы кітапханаға БЛКЖО 100 жылдығына арналған "Комсомольская юность моя" замандастарының кездесу-кешіне шақырылды. Бұл "Лада" клубының мүшелері, ардагерлер Кеңесінің өкілдері, сонымен қатар Қазақстанның Коммунистік ұлттық партиясының екінші хатшысы Масленкова Зинаида Николаевна, тәуелсіз публицист және қоғамдық қайраткер Денисов Аркадий Семёнович. Іс-шара «Демократиялық жастар Әнұранымен» басталды. Зал қосылып ән салды. Жүргізуші комсомолдың пайда болу тарихы, марапаттары, комсомолдықтардың ерліктері мен батырлықтары жайында айтып кетті. Комсомолдың ордендерімен слайдтар көрсетілді. Комсомолдық әндер шырқалды. Комсомол ардагерлері сөз сөйледі, студенттер комсомолдықтардың батырлықтары туралы әңгімелерін мұқият тыңдады. Біздің студент Губайдуллина Альбина барлықтарына алғыс білдірді.