103 м/і тобының студенттері Ыбрай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып қайтты
Басты -> Жаңалықтар -> 103 м/і тобының студенттері Ыбрай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып қайтты
2018 жылдың 9 қарашасында 103 м/і тобының студенттері 1991 жылы 150 жылдығына орай ашылған Ыбрай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барып қайтты. Мұражай қызметкері экскурсия барысында ұлы қазақ педагог-ағартушысының өмірі мен педагогикалық қызметі жайында нақты ақпарат берді. Студенттер Қазақстандағы халықтық білімнің қалыптасу және даму жүйесі тарихы жайында, мұрағаттық құжаттар жинақтамасымен, 19,20,21 ғасырлардағы оқулықтармен, фотосуреттермен, сонымен қатар өлкеміздің танымал адамдарының материалдарымен танысты. Мұражайда Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, мектебінің үлгісі, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Студенттер Ы.Алтынсариннің туысы Қазақстанның жазушысы М.Хакімжанованың шығармаларының жинақтамасымен, алтынсарин мектебінің түлектерінің материалдарын көрді.