Әдістемелік кеңес



Әдістемелік кеңес

2018 жылдың 31 қазанында «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік құжаттарды қарастыру» тақырыбында колледждің Әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Бөлім меңгерушісі Рақым Б.А. әдістемелік кеңестің мүшелерін мейіргер ісінің бакалаврларын дайындаудың ерекшеліктерімен, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың формаларымен, оқу-әдістемелік құжаттарымен таныстырып кетті. Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу проблемалары қозғалып, оны шешу жолдары талқыланды.

Екінші сұрақ бойынша №2 ЦӘК төрайымы И.Н.Воронцова тыңдалды. Оқытушы арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының онкүндігін өткізудің қорытындысымен таныстырды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ