Теңгенің 25 жылдығына арналған Ұлттық банктегі экскурсия



Теңгенің 25 жылдығына арналған Ұлттық банктегі экскурсия

15 қарашада 103 м/і тобы ұлттық валюта-теңгенің 25 жылдығына арналған Ұлттық банкке экскурсияға шақырылды. Банктің қызметкерлері бізді қонақжайлылықпен қарсы алдып, теңгенің құрылуы жайында фильм көрсетті. Содан кейін екінші қабатқа көтеріліп, кассалық операциялардың меңгерушісі Жунусова Гульшарат Галымовна коллекциядық монеталар туралы әңгімелеп, оларды көрсетті. Әрі қарай бізді басқа банктердің өкілдері қарсы алып, өздерінің банктері туралы айтып берді. Кейін тарих кабинетіне шақырды ( банк үшін атауы қызық). Кабинет қызықты, әртүрлі, банктің тарихына, оның қызметіне бай. Осы кабинеттің гиді банктің тарихымен және спорт саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Банктің қызметкерлері спорттық іс-шараларға белсенді қатысып отырады екен. Студенттерге өте қызықты болды. Көптеген ақпараттар алып, банктің қызметкерлеріне алғыстарын айтты.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ